Accessibility links

Дағыстанда күдікті үш "содырдың" көзі жойылды


Дағыстан картасы. (Көрнекі сурет).
Дағыстан картасы. (Көрнекі сурет).

Ресей билігі Дағыстанда арнайы операция барысында күдікті үш "содырдың" көзі жойылғанын мәлімдеді. Кейбір ресейлік ақпарат құралдарының ақпаратына қарағанда, қаза тапқандар арасында өзін-өзі жариялап алған "Кавказ әмірлігінің" жетекшісі Алиасхаб Кебеков пен исламшыл экстремистік бір топ жетекшісі де болуы мүмкін. Бірақ Кебековтің қаза тапқаны әзірге ресми түрде расталмады.

Ресей Ұлттық антитеррористік комитетінің мәлімдеуінше, 19 сәуірде қауіпсіздік күштері Махачкаладан оңтүстік-батысқа қарай орналасқан Буйнак қаласына жанындағы үйді қоршауға алған. Комитеті дерегіне қарағанда, қауіпсіздік күштері үйдегі бірнеше баланы босату туралы келіссөзден кейін шабуыл бастаған.

Кейбір ақпараттар бойынша, атыс түнде саябырсып, 20 сәуір таң ата қайта басталған.

XS
SM
MD
LG