Accessibility links

Ресейде рақымшылық туралы заңды талқылайды


Ресей мемлекетті думасының депутаты, думаның заңнама жөніндегі комитеті жетекшісі Павел Крашенинников.

Ресей мемлекетті думасының депутаты, думаның заңнама жөніндегі комитеті жетекшісі Павел Крашенинников.

Ресей мемлекеттік думасының депутаты, думаның заңнама жөніндегі комитеті жетекшісі Павел Крашенинниковтың 20 сәуірде айтуынша, 9 мамырдағы Жеңіс күніне 70 жыл толуына орай жарияланатын рақымшылық бойынша 400 мыңға тарта тұтқын босатылып, я жазасы жеңілдеп, айыбы алынбақ. Мемлекеттік дума рақымшылық туралы заң жобасын 22 сәуірде қарамақ.

Крашенинниковтың сөзіне қарағанда, рақымшылық бойынша түрмеде жазасын өтеп жатқан 260 мың тұтқын мен сотқа тартылып жатқан 140 мың адам бостандыққа шығуы мүмкін.

Павел Крашенинников бұл жолы бірінші рет жалғыз басты ерлер мен қатерлі ісікпен ауыратындар рақымшылыққа ілігуі мүмкін екенін айтады. Бұған қоса 55 жастан асқан ерлер мен 50 жастан асқан әйелдерге рақымшылық жасау жоспарланған.

Кремльді сынаушылар бұған дейін Ресейде 2013 жылы желтоқсанда жарияланған рақымшылықты президент Владимир Путиннің 2014 жылы Сочиде өтетін олимпиадасы қарсаңындағы "жарнамасы" ретінде бағалаған.

XS
SM
MD
LG