Accessibility links

"Әділ сөз": Ет компаниясы газетті сотқа берді


Халал өнімдер көрмесіне қойылған шұжық. Астана, 7 қазан 2010 жыл. (Көрнекі сурет)

Халал өнімдер көрмесіне қойылған шұжық. Астана, 7 қазан 2010 жыл. (Көрнекі сурет)

«Астана Агропродукт» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі «Курсивъ» басылымынан «ар-намысы мен іскерлік беделіне нұқсан келтіргені үшін» 5 миллион теңге талап етті деп хабарлады баспасөз құқығын қорғайтын "Әділ сөз" ұйымы.

Ұйым дерегінше, сотқа шағым түсірген компания басылымның қараша айында жариялаған, «халал» делінген шұжықтың құрамында доңыз еті анықталғаны жайлы мақаласындағы көрнекі суретке наразы. Ол көрнекі суретте «Астана Агропродукт» өнімі бейнеленгенін айтқан компания соның кесірінен өнімі өтпей, 5 миллион теңге көлемінде шығын шеккенін мәлімдеген.

Бұл іске қатысты алғашқы сот отырысы сәуірдің 22-сі күні Алматының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында өтеді.

XS
SM
MD
LG