Accessibility links

Германия армяндар "геноциді" қарарын қолдады


Армяндар геноциді институт-мұражайынан алынған 1915 жылы түсірілген Муш алқабындағы ауылда қырылған армяндардың бас сүйектері жанында тұрған сарбаздар.

Армяндар геноциді институт-мұражайынан алынған 1915 жылы түсірілген Муш алқабындағы ауылда қырылған армяндардың бас сүйектері жанында тұрған сарбаздар.

Германия үкіметі парламенттің бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде Осман империясында армяндардың қырылуын геноцид деп танитын қарарын қолдайтынын мәлімдеді. Германия канцлері Ангела Меркельдің баспасөз хатшысы Штеффен Зайберт парламент қарарды 24 сәуірде талқылайтынын мәлімдеді.

Түркия Еуропа Одағындағы өзінің негізгі сауда әріптесі санайтын Германияның шешімін айыптауы ықтимал. Германияда бұған қоса үш жарым миллион этникалық күрдтер тұрады.

Бұған дейін Франция мен тағы 22 ел Осман империясында армяндардың қырылуын геноцид деп таныған. Анкара Осман империясы билігінің армяндарды жаппай қыру жоспары болған жоқ және қырылғандардың саны асыра көрсетілген дейді.

Өткен аптада Рим Папасы Франциск мен Еуропа парламенті армяндар қырғынын геноцид деп танып, оны Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған қатаң айыптаған.

XS
SM
MD
LG