Accessibility links

Данияда қауіпсіздік жиыны өтеді


Копенгаген, Дания. (Көрнекі сурет).

Копенгаген, Дания. (Көрнекі сурет).

Дания астанасы Копенгагенде АҚШ пен Балтық және Скандинавия елдері арасындағы әскери-саяси диалог туралы алғашқы көп жақты кездесу басталады.

АҚШ мемлекеттік департаментінің хабарлауынша, форумға Дания, Эстония, Финляндия, Исландия, Латвия, Литва, Норвегия, Швеция және АҚШ өкілдері қатысады. АҚШ жағынан жиынға мемлекеттік хатшының әскери-саяси мәселелер жөніндегі көмекшісі Пунит Талвар қатысады.

Мемлекеттік департамент ақпаратында аймақ тап болып отырған жаңа қауіп-қатерлерге байланысты тараптардың әлемдік және аймақтық қауіпсіздік пен қорғаныс проблемаларын, оның ішінде гибридті соғыс, шекарада қауіпсіздікті қамтамасыз ету, кибер қауіпсіздік, әскери дайындық мәселелерін талқылайтыны айтылған.​

Жиын сәуірдің 24-іне дейін созылады.

XS
SM
MD
LG