Accessibility links

Царнаевтың соты аяқталуға таяды


Бостон марафонындағы жарылысқа қатысты айыпталған Джохар Царнаев.
Бостон марафонындағы жарылысқа қатысты айыпталған Джохар Царнаев.

Бүгін АҚШ-та Бостон марафоны кезіндегі жарылыстарға айыпты деп танылған Джохар Царнаевтың ісі бойынша сот үкімін шығару кезеңі басталады.

Прокурорлар мен адвокаттар Царнаев өлім жазасына, я өмір бойы түрмеде отыру жазасына кесілмес бұрын куәлерді сөйлетпек.

2013 жылы 15 сәуір күні марафон мәресінде болған екі жарылыстан үш адам қаза тауып, 260-тан астам адам жараланған.

Бостонда жүргізілген қоғамдық сауалнамаға қатысқандардың көпшілігі 21 жастағы Царнаевты "өлім жазасына кесуді қолдамайтындарын" білдірген.

Жарылыста зардап шеккендердің кейбірінің туыстары, оның ішінде қаза тапқан 8 жасар ұлдың ата-анасы "Царнаев өмірінің қалған бөлігін түрмеде өткізуі тиіс" деген.

Адвокаттар Царнаевты "жарылысқа айыпты" дегенімен, оны оқиғадан кейін полициямен атыста оққа ұшқан ағасы "Тамерлан Царнаевтың ықпалында болған" деп санайды.

XS
SM
MD
LG