Accessibility links

Сайлауға 1 мыңнан аса шетелдік бақылаушы тіркелді


Қазақстан президенті сайлауының мерзімі жөніндегі үгіт-насихат билборды. Астана, 8 сәуір 2015 жыл.

Қазақстан президенті сайлауының мерзімі жөніндегі үгіт-насихат билборды. Астана, 8 сәуір 2015 жыл.

Қазақстандағы кезектен тыс президентін сайлауына 858 шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың бақылаушысы және шетелдік ақпарат құралдарының 168 өкілі бақылау жасайды деп хабарлады Орталық сайлау комиссиясы (ОСК). Сайлауға бақылаушыларды тіркеу 20 сәуірде аяқталған.

ОСК тіркеген бақылаушылардың 293-і ЕҚЫҰ-ның демократиялық институттар және адам құқықтары бюросы миссиясынан, 410-ы ТМД, 10-ы Шанхай ынтымақтастық ұйымы, 15-і Түркі тілдес мемлекеттер ынтымақтастық кеңесі, 11-і Түркі тілдес мемлекеттері парламенттік ассамблеясы, үшеуі Ислам ынтымақтастық ұйымы, 116 бақылаушы 37 шет мемлекеттен тіркелген. 168 шет елдік ақпарат құралдарының өкілі 37 мемлекеттен тіркелген.

Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы 26 сәуірге белгіленген.

XS
SM
MD
LG