Accessibility links

АҚШ әскери кемелері Йеменге қарай шықты


Румыния жағалауында тұрған АҚШ-тың "Виксбург" крейсері. 13 наурыз 2015 жыл.

Румыния жағалауында тұрған АҚШ-тың "Виксбург" крейсері. 13 наурыз 2015 жыл.

АҚШ-тың әскери-теңіз күштері Йемен жағалауларына "Теодор Рузвельт" ұшақ тасымалдаушы кемесі мен "Нормандия" зымыран крейсерін жөнелтті. Әскери кемелер Парсы шығанағынан аттанды.

Пентагон баспасөз хатшысы Стив Уоррен бұған дейін тараған "америкалық кемелер Ираннан Йеменге жеткізілетін қару-жарақтың жолын кесуге жіберілді" деген ақпаратты жоққа шығарды.

Йеменде шииттік хусит көтерілісшілері өткен жылдың күзінде елдің біраз аумағын, оның ішінде астанасы Сана қаласын басып алып, президент Абд-Раббу Мансур Хадиді елден қашуға мәжбүр еткен. Наурыз айының соңында Сауд Арабиясы бастаған Парсы шығанағындағы араб елдері коалициясы Йеменде хуситтерге қарсы әуеден соққы бере бастаған. Йемен билігі Иранды хуситтерге әскери қолдау көрсетіп отыр деп айыптайды.

АҚШ кемелері Йемен жағалауларына жақын тұрған АҚШ әскери-теңіз күштерінің өзге де әскери кемелеріне қосылмақ. АҚШ әскерилері "әскери күш аймақтағы тұрақсыз жағдайға байланысты нығайтылып жатқанын" айтады.

Америкалық кемелер "Йеменге қарай бортында белгісіз жүктері бар жеті ирандық кеме Йеменге бара жатыр" деген ақпарат тараған тұста аттанып отыр. Ақ үй баспасөз хатшысы Джош Эрнест Вашингтонның "Иран Йеменге қару-жарақ жіберді" деген ақпаратқа алаңдаулы екенін айтады.

XS
SM
MD
LG