Accessibility links

Ресей рублі қайта арзандай бастады


Мәскеудегі валюта айырастау орындарының біріндегі валюта бағамы. Мәскеу, 20 сәуір 2015 жыл.

Мәскеудегі валюта айырастау орындарының біріндегі валюта бағамы. Мәскеу, 20 сәуір 2015 жыл.

Ресей рублінің АҚШ долларына шаққандағы бағамы бүгін 8 сәуірден бері бірінші рет арзандады. Мәскеу қор биржасында 21 сәуірде таңертеңгілік саудада 1 АҚШ доллары 54 рубльді құрады.

Рубль өткен жылдың желтоқсанында 1998 жылғы қаржы дағдарысынан бері болмаған деңгейге (1 АҚШ доллары - 80 рубль) дейін құлдырап, 2015 жылдың басында біртіндеп бастапқы бағамына орала бастаған.

Ресей экономикасы мен рубль бағамы 2014 жылы әлемде мұнай бағамының арзандауы мен Батыс елдерінің Мәскеудің Украинадағы саясатына байланысты салған санкцияларынан зардап шеккен.

XS
SM
MD
LG