Accessibility links

Еуропа Одағы "Газпром"-ға айып тақпақ


"Газпром" компаниясының Мәскеудегі кеңсесі. (Көрнекі сурет)

"Газпром" компаниясының Мәскеудегі кеңсесі. (Көрнекі сурет)

Еуропа комиссиясы бүгін Ресейдің мемлекеттік "Газпром" компаниясына еуропалық монополияға қарсы заңдарды бұзды деген айып тақпақшы. Соңғы төрт жылда Брюссель "Газпром" компаниясына қарсы "кейбір елдерге сатып алған газын қайта экспорттауға рұқсат етпейді", "газ бағасын мұнай бағасына байлап қойған" және "бәсекелестерінің газ тасымалына кедергі келтірген" деген күдікпен тергеу жүргізген. Еуропа Одағы (ЕО) "Газпром"-ды ол үстемдік етіп отырған Орталық және Шығыс Еуропада "бәсекелестікке нұқсан келтірді" деп айыптамақ.

Бұған дейін Еуропа комиссиясы Мәскеудің Украинадағы дағдарысқа килігуіне байланысты нашарлап кеткен қарым-қатынасын одан ары шиеленістірмеу үшін компанияға қарсы процесті кейінге шегергені туралы хабарланған. "Газпром"-ға өзіне қарсы айыптауларға жауап беріп, ЕО шағымдарын реттеу үшін 12 апта уақыт берілмек.

Еуропа комиссиясы компанияға экспорттан түсетін табысының 10 пайызына тең айыппұл салуы немесе одан жұмыс істеу тәсілін өзгертуді талап етуі мүмкін.

Еуропа тұтынатын газдың үштен екісін Ресей қамтамасыз етеді. Мұның 50 пайызы Украина территориясындағы газ құбырлары арқылы тасымалданады.

XS
SM
MD
LG