Accessibility links

Цензурасы қатаң елдер тізімінде Иран мен Әзербайжан бар


Көрнекі сурет.

Көрнекі сурет.

Халықаралық журналистерді қорғау комитеті (Comimtte to Protect Journalists) Иран мен Әзербайжанды цензурасы ең қатаң он елдің қатарына қосты. Сарапшылар түрлі мемлекеттердің журналистерді түрмеге жабу, қуғындау, репрессивтік заңдар қабылдау және интернетті пайдалануға шектеу қою сияқты цензура жасау саясаттарына талдау жасаған.

Цензурасы ең қатаң он ел тізімінде Әзербайжан бесінші орында, Иран -жетінші орында. Тізім басында Эритрея, Солтүстік Корея тұр. Сауд Арабиясы, Эфиопия, Вьетнам, Қытай, Бирма және Куба да бұл тізімге енген.

XS
SM
MD
LG