Accessibility links

Обама: АҚШ С-300 кешенін бұза алады


Ресейдің Калининград облысында әскери жаттығуға қатысуға апарылған С-300 зениттік зымыран кешені. (Көрнекі сурет)
Ресейдің Калининград облысында әскери жаттығуға қатысуға апарылған С-300 зениттік зымыран кешені. (Көрнекі сурет)

Иранның әуе шабуылынан қорғаныс кешенін иеленуі Вашингтонға кедергі келтірмейді және қажеттілік туса АҚШ оны бұза алады деп мәлімдеді президент Барак Обама MSNBC телеарнасына берген сұхбатында.

Обама АҚШ Ресейдің Иранға С-300 зениттік зымыран кешенін беруге салынған тыйымын алып тастау шешіміне қарсы екенін және оған алаңдайтынын айтқан.

Өткен аптада Ресей президенті Владимир Путин Иранға С-300 зениттік зымыран кешенін жеткізуге салынған тыйымды жойған. Ол тыйым 2010 жылы БҰҰ қарарына сай салынған еді.

Мәскеудің шешімі Иранның ядролық бағдарламасын шектеуге қатысты келіссөздегі бұдан арғы ұстанымы қандай болады деген алаңдаушылық тудырған.

АҚШ Иранның ядролық қару иеленуіне жол бермеу жөніндегі келіссөз сәтсіздікке ұшыраса күш қолдану ықтималдығы барын жоққа шығармайды.

XS
SM
MD
LG