Accessibility links

Қырғызстанда ШЫҰ жаттығуы өтіп жатыр


Тәжікстанда өткен ШЫҰ-ның терроризмге қарсы әскери жаттығуы. 9 маусым 2012 жыл. (Көрнекі сурет)
Тәжікстанда өткен ШЫҰ-ның терроризмге қарсы әскери жаттығуы. 9 маусым 2012 жыл. (Көрнекі сурет)

Қырғызстанда Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдер қарулы күштері арнайы мақсаттағы біріккен бөлімдерінің жаттығуы өтіп жатыр деп хабарлады Қазақстан қорғаныс министрлігі.

Тоқмақ қаласында 21 сәуірде басталған төрт күндік жаттығуда әскерилер таулы жерлерде "шартты түрдегі заңсыз қарулы топтарды қоршап, жойып жіберуге" машықтанады. Жаттығуға Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Қытай арнайы бөлімдері қатысып жатыр.

Былтыр тамызда Қытайдың "Чжужихэ" полигонында өткен ШЫҰ елдері қарулы күштерінің "Бейбіт миссия-2014" біріккен жаттығуына қатысқан жеті мыңнан аса әскер мен 500-ден көп әскери техника қатарында Қазақстан әскерилері де болған.

XS
SM
MD
LG