Accessibility links

Мәжіліс ұялы байланыс туралы заңға түзетуді мақұлдады


Көрнекі сурет.

Көрнекі сурет.

Парламент мәжілісі бүгін ұялы байланыс қызметіне қатысты заң жобасын алғашқы оқылымда мақұлдады деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Заң жобасын таныстырған инвестиция және даму министрі Әсет Исекешевтің айтуынша, құжатта тұтынушылардың бір ұялы байланыс операторынан екінші операторға тегін ауысуы қарастырылған.

"Егер азамат KCell ұялы байланыс операторы қызметін пайдаланып жүріп Beeline операторына өткісі келсе, онда оған сим-картаны ауыстыру қажет болмай қалады. Ол KCell нөмірімен тегін ауыса алады. Яғни, ол өтініш жазып, бір нөмірмен басқа ұялы байланыс операторы қызметін пайдалана алады. Мұның бәрі тегін жасалады" деген Исекешев.

Заң жобасы екінші оқылымда мақұлданса ары қарай парламент сенатының қарауына жіберіледі.

XS
SM
MD
LG