Accessibility links

Татьяна Шевцова-Валова сот үкіміне шағымданды


"Ұлтаралық араздықты қоздыру" айыбы бойныша сотталған Татьяна Шевцова-Валова.

"Ұлтаралық араздықты қоздыру" айыбы бойныша сотталған Татьяна Шевцова-Валова.

"Ұлтаралық араздықты қоздырды" деген айыппен наурыз айында төрт жылға шартты түрде сотталған Алматы тұрғыны Татьяна Шевцова-Валова сот үкіміне шағым түсірді.

Алатау аудандық сотының судьясы Талғат Мақұловтың қабылдау бөлімінде бүгін Азаттыққа Шевцова-Валованың апелляциялық шағым түсіргенін және ол шағым Алматы қалалық сотының апелляциялық алқасының қарауына жіберілгенін айтты. Қалалық сот бұл ақпаратты я растап, я терістеген де жоқ.

Шевцова-Валова бірнеше әлеуметтік желі қолданушыларының талап-арызы бойынша жауапқа тартылған. Шағымданушылар Шевцова-Валованы Facebook әлеуметтік желісіндегі жазбаларында этникалық негізде кемсітушілікпен және тіл тигізушілікпен айналысты деп айыптаған. Құқық қорғау орындары оны қылмыстық кодекстің 164 бабы бойынша "ұлтаралық араздықты қоздырды" деп айыптаған.

Татьяна Шевцова-Валованың ісі бойынша сот 12 қаңтарда басталып, үкім 31 наурызда шыққан. Сот төрт жылдың үш жылын сынақ мерзімі ретінде белгілеген. Шевцова-Валованың өзі айыбын жоққа шығарады.

XS
SM
MD
LG