Accessibility links

Ресейде "мемлекеттік құпияны жариялаған" ғалым қамалды


Ресей федералдық ядролық орталығының бұрынғы ғылыми қызметкері Владимир Голубев.
Ресей федералдық ядролық орталығының бұрынғы ғылыми қызметкері Владимир Голубев.

Ресейдің Нижегород облысы Саров қаласының соты мемлекеттік құпияны жариялады деп айыпталған Ресей федералдық ядролық орталығының бұрынғы ғылыми қызметкері Владимир Голубевті қамауға алды.

Голубевтің адвокаты Евгений Губиннің айтуынша, Федералдық қауіпсіздік қызметі басқармасының аға тергеушісі Голубевті ешқайда кетпеу туралы қолхатын бұзды деп, соттан оны екі айға қамауды сұраған.

66 жастағы ғалым 21 сәуір күні түнде сот залынан бірден тергеу абақтысына әкетілген. Голубевтің қорғаушысы сот шешіміне шағымданатынын айтады.

Тергеушілер Голубев 2013 жылы Чехияда өткен халықаралық конференцияда жасаған баяндамасында құпия мәліметтерді жариялады дейді. Мемлекеттік құпияны жария ету туралы қылмыстық іс өткен жылдың шілдесінде қозғалған. Бірақ Голубев баяндамасында келтірілген мәліметтер өзі келтіргенге дейін ғылыми журналдарда жарияланғанын айтып, мемлекеттік құпияны жариялағанын жоққа шығарады.

XS
SM
MD
LG