Accessibility links

Бішкек: АҚШ елшілігі жүгіне қатысты күмән негізсіз


Қырғызстан сыртқы істер министрі Эрлан Абдылдаев.

Қырғызстан сыртқы істер министрі Эрлан Абдылдаев.

АҚШ-тың Бішкектегі елшілігіне жеткізілген жүкке қатысты туындаған күмән негізсіз деп мәлімдеді бүгін Қырғызстан сыртқы істер министрі Эрлан Абдылдаев баспасөз жиынында.

Оның сөзінше, елшілік жүгіне қатысты АҚШ-пен келісім жасалған. "Жүкке қатысты қоғамда таралып жатқан болжамдар негізсіз. Жеткізілген жүкте қару немесе басқа да тыйым салынған заттар болған жоқ. Сондықтан біз жүкті елге кіргізуге рұқсат еттік" деді министр.

Бұған дейін кейбір ақпарат құралдары наурыз айында Бішкекке Украина әуе компаниясының жүк таситын ұшағымен 150 тонна "белгісіз жүк" жеткізілгенін хабарлаған. Ресейлік ақпарат құралдары жүк "бейбіт мақсатқа арналмаған" деп, осы сияқты оқиға бұрын Украинада да болды деген. "Россия" телеарнасы тіпті жүк Украинадағы "Еуромайдан" сияқты оқиғаларды Қырғызстанда да ұйымдастыру үшін жөнелтілген деген болжам жасаған.

АҚШ-тың Қырғызстандағы елшілігі ресейлік ақпарат құралдарында талқыланып жатқан Бішкекке жеткізілген 150 тонна жүк дипломатиялық өкілдіктің жаңа ғимаратын салуға арналған құрылыс материалдары екенін хабарлады.

Қырғызстан парламентінің халықаралық істер жөніндегі комитеті бұл мәселені жабық есік жағдайында талқылады.

XS
SM
MD
LG