Accessibility links

Олланд: Франция "Мистральдің" ақшасын қайтарады


"Мистраль" типтес әмбебап десанттық кеме.
"Мистраль" типтес әмбебап десанттық кеме.

Франция президенті Франсуа Олландтың сөзінше, Париж егер Мәскеудің Украинадағы жағдайға киліккені үшін Ресейге екі "Мистраль" әскери кемесін бермейтін болса онда кемелер үшін төленген ақшасын қайтарып береді. Парижде Украина президенті Петр Порошенкомен кездескеннен кейін сөйлеген Олланд жобалық құны 1,3 миллиард АҚШ долларын құрайтын кемеге қатысты келісімді 24 сәуірде Арменияда Ресей президенті Владимир Путинмен талқылайтынын айтты.

Франция өткен жылы күзде Ресейдің Қырымды заңсыз аннексиялап, Шығыс Украинадағы ресейшіл сепаратистерді қолдағаны үшін тапсырыс бойынша жасаған "Мистраль" кемелерін жеткізуді кейінге қалдырған. Өткен аптада Путин Ресей егер "Мистраль" кемелері жеткізілмейтін болса төлеген ақшасын қайтарып алатынын мәлімдеген.

Әр кеме 13 тікұшақ, 13 танк пен төрт десанттық кемені және 400-ден астам сарбазды тасымалдай алады.

Олланд пен Путин 24 сәуірде Ереванда Осман империясында армяндардың жаппай қырылуына 100 жыл толуына орай өтетін шараларға қатысады. Ресей мен Франция армяндандың бұл қырылуын геноцид деп біледі.

XS
SM
MD
LG