Accessibility links

Мәскеуде ұлтшылдар шеруіне рұқсат берілді


Ресейдің "Русские" ұлтшыл қозғалысы жетекшісі Дмитрий Демушкин.

Ресейдің "Русские" ұлтшыл қозғалысы жетекшісі Дмитрий Демушкин.

Мәскеу билігі ұлтшылдарға 1 мамырда қалада шеру өткізуге рұқсат берді.

Мәскеу қалалық аймақтық қауіпсіздік департаментінің басшысы Алексей Майоровтың сөзінше, акцияға қатысушылар маршал Бирюзов көшесіндегі метроның "Октябрьское поле" станциясынан бастап маршал Василевский көшесі бойымен "Щукинская" метро станциясына дейін шерулетіп барады. Шеруге үш мың адам қатысады деп келісілген.

ТАСС агенттігінің хабарлауынша, шеру өткізуге "Русские" қозғалысының жетекшісі Дмитрий Демушкин өтініш берген.

XS
SM
MD
LG