Accessibility links

Жамбылда қаза тапқан төрт қырғыздың сүйегі еліне әкетілді


Жамбыл облысында болған жол апаты. 19 сәуір 2015 жыл.
Жамбыл облысында болған жол апаты. 19 сәуір 2015 жыл.

Жамбыл облысындағы жол апатында қаза тапқан қырғызстандық тағы төрт азаматтың сүйегі Қырғызстанға жөнелтілді.

Азаттықтың Қырғыз қызметінің хабарлауынша, қазір Қазақстанда апаттан мерт болған 39 жастағы бір қырғыз азаматының сүйегі қалған. Сараптама аяқталған соң туыстары марқұмның сүйегін әкетпек. Тағы бір қырғыз азаматының аты-жөні, кім екендігі әзірге белгісіз болып тұр.

Жамбыл облысының Мойынқұм ауданында 19 сәуірде Алматы-Екатеринбург тасжолында "Газель" жүк көлігі мен "Мерседес Бенц Спринтер" шағын автобусы соқтығысып, көліктер өртеніп кеткен. Апат орнынан 14 адамның сүйектері табылды. Ауыр жарақаттанған үш адам ауруханада қайтыс болды. Қаза тапқандардың он алтысы - Қырғызстан, біреуі - Қазақстан азаматы.

Бұған дейін қаза тапқан он қырғыз азаматының сүйегін туыстары елдеріне әкеткен. Қазір апаттан жарақаттанған қырғызстандық үш азамат ауруханада жатыр.

XS
SM
MD
LG