Accessibility links

АҚШ: Ресей Донбасста әскерін күшейтіп жатыр


АҚШ мемлекеттік департаментінің баспасөз хатшысы Мари Харф.

АҚШ мемлекеттік департаментінің баспасөз хатшысы Мари Харф.

АҚШ Ресей Шығыс Украинаға әуе шабуылынан қорғаныс жүйесін орнатып, Донбассағы қақтығысты тоқтату туралы Минск келісімін бұзды деп мәлімдеді.

АҚШ мемлекеттік департаментінің баспасөз хатшысы Мари Харф мәлімдемесінде "Ресей армиясы Украина шығысына қосымша әуе шабуылынан қорғаныс жүйесін жеткізіп, оның кейбірін алдыңғы шепке құрды" деген.

Мәлімдемеде бұған қоса Ресей құрлықтағы әскерінің Украинамен шекараға әкелінгені де айтылады. Қазір мұндағы әскер саны өткен жылдың қазанындағы ең жоғарғы көрсеткішке жеткен.

The New York басылымының батыстық бір елдің аты-жөнін атамаған ресми өкіліне сілтеме жасап хабарлауынша, барлау деректеріне сай Ресей шекараға 12 батальонын жақындатып қойған. Батальондардағы әскер саны мыңдаған адамға жетуі мүмкін.

АҚШ мемлекеттік департаменті Ресей Шығыс Украинадағы ресейшіл сепаратистерді жаппай дайындықтан өткізіп жатыр дейді. Сепаратистердің әскери жаттығулар кезінде барлау жүргізу үшін ресейлік ұшқышсыз басқарылатын ұшақтарды пайдалануы "Ресейдің ол жаттығуларға қатысы бар екеніне күмән тудырмайды" дейді Мэри Харф.

"Бұдан өзге, Ресей мен сепаратистердің біріккен күштері Минск келісімі бойынша тыйым салынған аймақтарда артиллериялық, ауыр қару-жарақтарының көпшілік бөлігін әлі ұстап отыр. Ресей Шығыс Украинаға ауыр қару-жарақ жеткізуді тоқтатқан жоқ" дейді мемлекеттік департамент.

Шығыс Украинада үкімет әскері мен сепаратистер арасында қақтығыс басталған 2014 жылдың сәуірінен бері қаза тапқан адам саны 6 мыңнан асып кетті.

XS
SM
MD
LG