Accessibility links

Грибаускайте: Ресей ықпалына қарсы тұруға болады


Литва президенті Даля Грибаускайте. Кишинев, Молдова 22 сәуір 2015 жыл.

Литва президенті Даля Грибаускайте. Кишинев, Молдова 22 сәуір 2015 жыл.

Литва президенті Даля Грибаускайте Молдоваға сапарында бұл елдің Ресей қысымына төтеп беруіне экономикалық тұрақтылық пен заңның үстемдігі көмектесетінін мәлімдеді. Кремльді ашық сынайтын Грибаускайте бұл жайлы Азаттықтың Молдова қызметіне берген сұхбатында айтты.

"Үкіметпен, коррупциямен, медиамен байланысы бар олигархтар кез-келген мемлекет үшін пайдасыз. Ондай мемлекетке экономикалық санкциямен ықпал ету өте оңай" деді Грибаускайте.

Ол соңғы 25 жылда Литва Кремльдің елдің энергетикалық секторына санкция салатын бірнеше "ірі науқанын" бастан өткергенін айтты.

Бірақ Ресейдің "Газпром" компаниясы импорттайтын газға тәуелді Литва өткен жылы сығымдалған табиғи газ терминалын салып алған.

"Біз бүгін "Газпром"-ға мұқтаж емеспіз" деді Грибаускайте.

XS
SM
MD
LG