Accessibility links

Ресей Қазақстаннан барған ұн мен көкөністі кіргізбеді


Көрнекі сурет.

Көрнекі сурет.

Россельхознадзор мекемесінің Новосибирск облыстық басқармасы Ресей аумағына Қазақстаннан жеткізілген 20 тонна ұнды жібермеді деп хабарлайды жергілікті агенттіктер. Ұнды кіргізуден бас тартуға "өнімнің қауіпсіз екенін растайтын фитосанитарлық сертификатының жоқтығы" себеп болған.

Россельхознадзор мекемесі бұған қоса Челябинск пен Екатеринбург облыстарына Қазаақстан мен Қырғызстаннан келген 109 тонна көкөніс пен 500 килограмм тазартылған миндальді өткізбей қойған. Бақылаушы орган Қазақстаннан келген азық-түлікті "жіберуші елдің фитосанитарлық сертификаттары жоқ" деп қабылдамаған.

Ресейдің Қазақстаннан жөнелтілген азық-түліктерді кіргізбей қойғаны бірінші рет емес. Қазақстан үкіметі де бұған дейін ресейлік бірқатар өндірушілердің ет, сүт өнімдерін "техникалық талапқа сай емес" деген деп сауда орындарынан алдырған.

Қазақстан мен Ресей билігі екі ел арасында "сауда соғысы" жоқ дейді.

XS
SM
MD
LG