Accessibility links

ЕО басшылары мигранттар жайын талқылайды


Италия премьер-министрі Маттео Ренци.

Италия премьер-министрі Маттео Ренци.

Еуропа Одағы (ЕО) елдерінің басшылары бүгін Брюссельде төтенше саммит өткізеді. Саммитте мемлекет басшылары Еуропаға Жерорта теңізі арқылы заңсыз келетін мигранттар мәселесін талқыламақ.

Саммитте заңсыз мигранттарды тасымалдайтын кемелерді анықтап, жолын кесу, теңізде бақылау жасауды қосымша материалдық-техникалық тұрғыдан қамтамасыз ету мәселелері де қаралады.

Брюссельде төтенше саммит өткізу туралы шешім 19 сәуірде Жерорта теңізінің Ливия жағалауларында мигранттарды таситын кеме суға батып, 800-ден астам адам қаза тапқаннан соң қабылданған. Өткен жылы Еуропаға заңсыз жолдармен жетпек болып, қаза тапқандар саны 1700-ден асқан.

Италия премьер-министрі Маттео Ренци ливиялық адам тасымалдаушылармен күресті күшейтуге шақырды. Римнің мәлімдеуінше, Италияға келетін миграттар таситын кемелер мен қайықтардың 90 пайызы Ливияға тиесілі.

XS
SM
MD
LG