Accessibility links

Қырғыз премьері отставкаға кетпек


Қырғызстанның отставкаға кетуге өтініш білдірген премьер-министрі Жоомарт Оторбаев.

Қырғызстанның отставкаға кетуге өтініш білдірген премьер-министрі Жоомарт Оторбаев.

Қырғызстан премьер-министрі Жоомарт Оторбаев бүгін ел парламенті - Жогорку Кеңеш жиынында отставкаға кететінін жариялады. Азаттықтың Қырғыз қызметінің хабарлауынша, Оторбаев отставкаға кету шешімін жариялағанда "демократиялық елде билік монополиясына жол берілмеуі қажет" деді.

Бүгін парламент жиынында Оторбаев үкіметтің 2014 жылғы қызметіне есеп беріп, депутаттар үкімет жұмысын "қанағаттанарлық" деп бағалады.

"Ата Мекен" партиясының мүшесі Жоомарт Оторбаевтың үкіметі өткен жылдың сәуірінде құрылған.

Қырғызстан конституциясы бойынша, премьерді отставкаға жіберу немесе жібермеу шешімін президент қабылдайды. Премьер отставкаға кетсе үкімет те жұмысын доғарады. Жаңа үкімет құрылғанға дейін премьер-министр мен үкімет мүшелері міндеттерін атқара тұрады.​

XS
SM
MD
LG