Accessibility links

Назарбаев Алғыс күнін мерекелеуді ұсынды


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Алматы, 18
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Алматы, 18

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы ассамблеясының 22-сессиясында Қазақстандағы халықтардың бір-біріне және қазақтарға алғыс білдіру күнін атап өтуді ұсынды деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сессияда сөйлеген Назарбаев "Қазақстан халқы ассамблеясының құрылған күні - 1 наурызды немесе басқа күнді Қазақстандағы барлық этностардың бір-біріне және өздерін қабылдап, туғанындай мейірім көрсеткен қазақ халқына алғыс айту күні ретінде атап өткен әділетті болар еді" деген. Президенттің пікірінше, мұндай дәстүр қазақстандықтарды бір-біріне барынша жақындастырып, мейірімділік пен махаббат мерекесі болмақ.

Биыл Қазақстан халқы ассамблеясының құрылғанына 20 жыл толды. Ассамблеяның бүгінгі мерейтойлық сессиясында "Мәңгілік Ел: бір ел - бір тағдыр" тақырыбы күн тәртібіне қойылған.

XS
SM
MD
LG