Accessibility links

ЦРУ-дың бұрынғы басшысына үкім шықты


АҚШ Орталық барлау басқармасының бұрынғы директоры Дэвид Петрэус.

АҚШ Орталық барлау басқармасының бұрынғы директоры Дэвид Петрэус.

АҚШ Орталық барлау басқармасының (ЦРУ) бұрынғы директоры Дэвид Петрэуске "құпия деректерге салғырт қарады" деген айыппен екі жыл сынақ мерзімі кесіліп, 100 мың АҚШ доллары көлемінде айыппұл салынды.

Отставкадағы генерал Дэвид Петрэус бұдан екі ай бұрын кінәсін мойындаған. Солтүстік Каролина штатында өткен сотта судья "үкім жасалған қылмысқа сай болуы" үшін әуелгі 40 мың долларды құрайтын айыппұлды екі есеге көбейтуді сұраған.

Ирак пен Ауғанстандағы әскери миссия кезінде АҚШ әскеріне қолбасшы болған Петрэус өзінің биографиясын жазған көңілдесі Пол Бродуэллге құпия ақпараттарды бергенін мойындады. Петрэус ЦРУ басшысы қызметінен 2012 жылы, Бродуэллмен байланысы бары белгілі болған соң кетті.

XS
SM
MD
LG