Accessibility links

ЕО мигранттарды құтқаруға жаңа қаржы бөлмек


ЕО елдері басшылары төтенше саммит басталар алдында Жерорта теңізінде қаза тапқан мигранттарды бір минут үнсіздікпен еске алып тұр. Брюссель, 23 сәуір 2015 жыл.

ЕО елдері басшылары төтенше саммит басталар алдында Жерорта теңізінде қаза тапқан мигранттарды бір минут үнсіздікпен еске алып тұр. Брюссель, 23 сәуір 2015 жыл.

Еуропа Одағына (ЕО) мүше елдер басшылары кемемен Еуропаға жетпек болған Африка мен Таяу Шығыс елдерінің мигранттарын құтқаруға қосымша қаржы бөлуге келісті. Брюссельде өткен төтенше саммитте ЕО басшылары адам толы кемелерді бақылауға бөлінетін қаржыны үш есеге көбейтуге шешім қабылдады. Енді Еуропа елдері басшылары ЕО-ның сыртқы саясат жөніндегі жоғарғы комиссары Федерика Могериниге адам тасымалдаумен айналысатын контрабандистерге қарсы әскери күш қолдану ережесін дайындау туралы өтініш білдірмек.

ЕО елдері басшыларының бірлескен мәлімдемесі жобасында ЕО "кемелерді контрабандистердің пайдалануына жеткізбей анықтап, қолға түсірудің кешенді шараларын іске асыруға ниетті" екені айтылады.

19 сәуірде Ливияның Жерорта теңізі жағалауларында Еуропаға жетпек болған мигранттары бар кеме апатқа ұшырап, 800-ден астам адам қаза тапқан. Бұл оқиғадан соң Франция сыртқы істер министрі Лоран Фабиус "Жерорта теңізін қабірханаға айналдырмау" шараларын жасау қажет деп мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG