Accessibility links

Армяндар қырғынының 100 жылдығы атап өтіледі


Осман империясында қырылған армяндарды мәңгі есте қалдыру шарасына қатысып жатқан армениялықтар. Ереван, 23 сәуір 2015 жыл.

Осман империясында қырылған армяндарды мәңгі есте қалдыру шарасына қатысып жатқан армениялықтар. Ереван, 23 сәуір 2015 жыл.

Бүгін бірнеше елде 100 жыл бұрын Осман империясында армяндардың жаппай қырылуына қатысты еске алу шаралары өтеді.

Армения астанасы Ереванда жүздеген мың адам қырғын құрбандарына арналған ескерткішке гүл қою шарасына қатыспақ.

Арменияға еске алу шараларына қатысуға баратын шет мемлекет басшылары арасында Ресей мен Франция президенттері де бар.

Бірқатар тарихшылар мен кейбір елдер Осман империясында миллионнан астам армянның қырылуы мен депортациялануын "геноцид" деп санайды.

Бірақ, Түркия қырылған армяндар саны "асыра көрсетілген" және армяндар империяның христиандық азшылықты жаппай қыру саясатынан емес, "азаматтық соғыс салдарынан қырылды" деуден танбай келеді.

XS
SM
MD
LG