Accessibility links

Бүгін сайлауалды үгіт-насихат аяқталады


Астана көшелерінің біріне ілінген сайлау мерзімі туралы билборд. 8 сәуір 2015 жыл.

Астана көшелерінің біріне ілінген сайлау мерзімі туралы билборд. 8 сәуір 2015 жыл.

Қазақстан президенттігіне кандидаттар бүгін түнде сайлауалды үгіт-насихатын аяқтайды. Сайлау заңы бойынша, дауыс беру күні мен оның алдындағы күні сайлауалды үгіт-насихат жүргізуге тыйым салынады. Бірақ бұрын үгіт-насихат науқаны кезінде сайлау комиссиясынан өзге орындарда ілінген насихат материалдары сол қалпы қала береді.

Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы 26 сәуірде өтеді. Сайлауға қазіргі президент, "Нұр Отан" партиясы ұсынған Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан халықтық коммунистік партиясы ұсынған Тұрғын Сыздықов пен өзін-өзі ұсынған Қазақстан кәсіподақтары федерациясының төрағасы Әбілғазы Құсайынов түседі.

Кезектен тыс президент сайлауын бақылайтын ЕҚЫҰ миссиясы кеше аралық есебінде кандидаттардың сайлауалды үгіт-насихатын жүргізуінде баланс сақталмағанын айтқан. Бақылаушылар есебінде елдегі шынайы оппозицияның қуғын көріп, "кейбір билікті сынайтындардың бас бостандығынан айырылып, я қуғында жүргенін" айтады.

XS
SM
MD
LG