Accessibility links

Обама армяндар қырғынында "геноцид" сөзін қолданбады


АҚШ президенті Барак Обама. Вашингтон, 16 сәуір 2015 жыл.

АҚШ президенті Барак Обама. Вашингтон, 16 сәуір 2015 жыл.

АҚШ президенті Барак Обама Осман империясында армяндардың жаппай қырылғанына 100 жыл толуына арналған мәлімдемесінде "геноцид" сөзін қолданбады. Оның орнына АҚШ президенті "жантүршігерлік қырғын" сөзін қолданды. "Осман империясында армяндар депортацияға ұшырады, оларды қырып, өлімге сүйреді. Олардың мәдениеті мен мұрасы өзінің тарихи отанында жойылды" деп мәлімдеді Обама.

Бірқатар тарихшылар мен кейбір елдер Осман империясында миллионнан астам армянның қырылуы мен депортациялануын "геноцид" деп санайды.

Бірақ, Түркия қырылған армяндар саны "асыра көрсетілген" және армяндар империяның христиандық азшылықты жаппай қыру саясатынан емес, "азаматтық соғыс салдарынан қырылды" деуден танбай келеді.

Обама Осман империясында армяндардың қырылғанын бұған дейін де айтқан және ұстанымын өзгерткен емес. 2008 жылы сайлауалды кампаниясында сол кезде сенатор болған Обама армяндардың жаппай қырылуын геноцид деп атап, АҚШ билігі алдында 1915 жылғы қырғынды геноцид деп тану міндеті тұр деген.

XS
SM
MD
LG