Accessibility links

Ресей оппозициясы АҚШ-қа "Немцов тізімін" жіберді


Ресейдің оппозициялық ПАРНАС саяси партиясының тең төрағасы Михаил Касьянов.

Ресейдің оппозициялық ПАРНАС саяси партиясының тең төрағасы Михаил Касьянов.

Ресейдің оппозициялық ПАРНАС саяси партиясының тең төрағасы Михаил Касьянов АҚШ конгресіне оппозицияшыл саясаткер Борис Немцовты "қудалауға қатысы бар" деп санайтын сегіз адамның тізімін жіберді. Касьянов "Немцов тізімі" деп аталған тізімдегі сегіз адам "Магнитский актісі" тізіміне қосылады деп үміттенеді.

Оппозиция түзген тізімге ресейлік телеарналардың жетекшілері мен журналистері - Владимир Кулистиков, Олег Добродеев, Владимир Соловьев, Дмитрий Киселев, Аркадий Мамонтов, Андрей Караулов, Константин Семин мен Мемлекеттік дума депутаты, тележурналист Алексей Пушков енгізілген.

Бұл адамдарды қара тізімге енгізу жайын заңгерлер тексеріп, шешуі керек. "Біз мәселе адам құқықтарына қатысты болғандықтан ұсынған адамдарымыз қара тізімге енеді деп ойлаймыз" деген Касьянов.

2012 жылдың желтоқсанында АҚШ-та Ресейдегі адам құқықтарының бұзылуына қатысы бар делінген шенеуніктерге жеелей санкция "Магнитский актісі" қабылданған. Акт салық төлеуден жалтарды деген айып тағылып, Мәскеу түрмесінде қаза тапқан Hermitage Capital қорының заңгері Сергей Магнитскийдің атымен аталған.

"Магнисткий актісі" әуелде заңгердің өліміне қатысы бар тұлғаларға қатысты болған. Тізімге енгендерге виза беруге тыйым салынып, экономикалық санкциялар енгізілген. Қазір бұл тізімде 34 адам бар.

Борис Немцов "Магнитский актісін" қабылдауды белсенді қолдаған. 2010 жылы ол азаматтық құқық пен еркіндікті және конституцияны шектеуге жауаптылар тізімін жасауды, оған бірінші болып президент Владимир Путинді қосуды ұсынған.

Борис Немцов 28 ақпанда Мәскеудің орталығында қастандықтан қаза тапты.

XS
SM
MD
LG