Accessibility links

"Қайрат" футзал клубы УЕФА кубогының финалында


"Қайрат" футзал командасының 2013 жылы УЕФА кубогын иеленген сәті.
"Қайрат" футзал командасының 2013 жылы УЕФА кубогын иеленген сәті.

Футзалдан Алматының "Қайрат" командасы УЕФА кубогының финалына шықты. Лиссабонда (Португалия) өтіп жатқан биылғы турнирдің жартылай финалында "Қайрат" Ресей чемпионы "Дина" командасын жеңді - 7:4.

Ойынның негізгі уақыты 3:3 есебімен тең аяқталып, қосымша он минутта "Қайрат" қарсыластарының қақпасына төрт гол салды.

"Қайраттың" финалдағы қарсыласы "Барселона" (Испания) - "Спортинг" (Португалия) арасындағы матчта анықталады.

Финал және үшінші орын үшін матч 26 сәуірде өтеді.

Алматының "Қайрат" футзал командасы 11 дүркін Қазақстан чемпионы. 2013 жылғы УЕФА кубогының иегері.

XS
SM
MD
LG