Accessibility links

Савченкоға түпкілікті айып тағылған


Надежда Савченко (ортада) Мәскеуде сот ғимаратында. 17 сәуір 2015 жыл.

Надежда Савченко (ортада) Мәскеуде сот ғимаратында. 17 сәуір 2015 жыл.

Ресей тергеу комитеті украиналық әскери Надежда Савченкоға түпкілікті айып тағылғанын хабарлады. Тергеу комитетінің ресми өкілі Владимир Маркиннің айтуынша, Савченкоға «екі және одан көп адамды өлтіруге болысқан» және «шекарадан заңсыз өткен» деген айыптар тағылған.

Маркин жақын арада Савченкоға қатысты қылмыстық іс материалдары жеке өндіріске алынып, тараптар онымен танысқан соң сотқа жіберілетінін айтқан.

Тергеу нұсқасы бойынша, Надежда Савченко 2014 жылы маусым айында Луганск қаласының маңында украиналық әсерилерге ресейлік ВГТРК телеарнасы қызметкерлері мен өзге де азаматтық тұлғалардың орналасқан жерін айтып, соның салдарынан кейін ресейлік журналистер Игорь Корнелюк пен Антон Волошин қаза тапқан. Бұл оқиғадан соң Савченко босқын кейпінде шекарадан өтіп, құжат тексеру кезінде Ресей жерінде ұсталған дейді тергеушілер.

Савченконың өзі бұл айыптаулардың ешқайсысын мойындамайды және өзін Шығыс Укараинада сепаратистер ұстап, Ресейге еркінен тыс әкелгені туралы мәлімдеген.

Киев пен батыс елдері Ресей билігінен Минскіде жасалған келісімнің тұтқындар алмасу туралы бөлігіне сәйкес Савченконы босатуды бірнеше рет талап еткен.

Ақпан айында Басман соты Надежда Савченконы қамауды ұстау мерзімін мамырдың 13-іне дейін ұзартуға шешім шығарған. Оның ісі бойынша тергеу де мамырдың 13-іне дейін ұзартылған. Желтоқсан айында Савченко наразылық ретінде жариялаған аштық акцяисы 80 күн бойы жалғасты. Наурыздың 16-сы күні ол өзін қамаудан шығаруды талап етіп, қайтадан ашық акциясын бастайтынын мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG