Accessibility links

Джохар Царнаевтың туыстары АҚШ-қа барды


Джохар Царнаевтың ағасы Анзор Царнаев (сол жақта) және анасы Зубейдат Царнаева баспасөз мәслихатында. Махачкала, Дағыстан, Ресей, 25 сәуір 2013 жыл.
Джохар Царнаевтың ағасы Анзор Царнаев (сол жақта) және анасы Зубейдат Царнаева баспасөз мәслихатында. Махачкала, Дағыстан, Ресей, 25 сәуір 2013 жыл.

жарылыстарды ұйымдастырған деген айыппен сотта ісі қаралып жатқан Джохар Царнаевтың туыстары Ресейден АҚШ-қа барған. Бұл туралы баспасөз құралдарына аты-жөні аталмаған америкалық ресми өкілдер жұма күні хабарлаған.

Олардың айтуынша, Бостонға бейсенбі күні барған Царнаевтың туыстары халықаралық әуежай маңындағы қонақ үйге орналасқан. Олар Джохар Царнаевты қорғаушы тараптың куәгерлері ретінде келесі аптада сотта куәлік береді деп жоспарланған. Бостон марафондағы жарылысқа қатысты іс бойынша өтіп жатқан сотта сәуірдің 21-і күні прокурор 30 айыптау бабы бойынша айыпты деп танылған Джохар Царнаевты өлім жазасына кесуді сұраған. Дүйсенбі күні Царнаевтың адвокаттарының жарыссөздері басталады.

АҚШ-қа Царнаевтың туыстарынан нақты кімдердің барғаны белгісіз. Бірақ, олардың арасында ағайынды Царнаевтардың анасы Зубейдат Царнаева жоқ екендігі айтылады. Ол әйел АҚШ-қа келсек дүкеннен ұрлық жасаған деген айыппен ұсталуы мүмкін. Ресейде Джохар Царнаевтың әкесі және өзге туыстары бар. Ал екі қарындасы мен ағасы АҚШ-та тұрады.

XS
SM
MD
LG