Accessibility links

Грозныйдағы арнайы операция бойынша тексеру басталды


Грозный көшесіндегі полицейлер. (Көрнекі сурет)

Грозный көшесіндегі полицейлер. (Көрнекі сурет)

Ресей тергеу комитеті (РТК) Ставрополь өлкесінің полицейлері сәуірдің 19-ы күні Грозный қаласында жүргізген арнайы операцияны тексеруге кірісті. Оның қортындысы бойынша тиісті шешім қабылданатын болады деп мәлімдеген комитеттің ресми өкілі Владимир Маркин.

Бұған дейін РТК ставропольдік полицейлердің үстінен қылмыстық іс қозғау туралы қаулының күшін жойған. Бұнымен келіспеген Шешенстан басшысы Рамзан Кадыров қылмыстық іс не себепті жабылғаны туралы Ресей тергеу комитетінің жетекшісі Александр Бастыркинның түсініктеме беруін талап еткен.

Сәуірдің 19-ы күні Грозныйда Ставрополь аймағының полицейлері жүргізген арнайы операция кезінде федералдық іздеу жарияланған Жамбулат Дадаев қаза тапқан. Полицейлер оны «адамға ауыр жарақат түсірген» деген күдікпен ұстамақ болған.

Бұл оқиғадан соң Шешенстан басшысы Рамзан Кадыров құқық органдары қызметкерлеріне өзінің келісімінсіз Шешенстан аумағында арнайы операция жүргізуге Ресейдің басқа аймақтарынан келген қауіпсіздік қызметі өкілдеріне оқ атуға бұйрық берген.

Ресей ішкі істер министрлігі әлгіндей сөзге жол беруге болмайтыны туралы мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG