Accessibility links

Қоғам наразылығын туғызған қылмысқа күдіктілер ұсталған


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Астана қаласының прокуратурасы бүгін жергілікті тұрғын Әліби Жұмағұловты соққыға жыққан деген күдікпен екінші адамның ұсталғаны туралы мәлімдеді. Әліби Жұмағұловты ұрып-соққаны туралы ақпаратқа қатысты әлеуметтік желілерде наразылық танытқан пікірлер көптеп тарап жатыр.

Астана тұрғыны Нұрлан Жұмағұлов ұлы Әлібиді "қатыгездікпен соққыға жыққан" деп жергілікті кәсіпкерді айыптап, жұма күні әлеуметтік желілерге ақпарат жариялаған.

Қалалық прокуратураның бүгін таратқан мәлімдемесінде Әліби Жұмағұловтың соққыға жығылу фактісі бойынша сәуірдің 23-і күні күдікті бір адам ұсталғаны және оның тұрғылықты жері мен кеңсесіне тінту шаралары жүргізілгені айтылған. Ал бүгін қылмыс оқиғасы бойынша екінші адам ұсталып, тағы бір адамға іздеу жарияланған деп хабарлады прокуратура.

Ресми ақпаратта бұл қылмысқа қатысты тергеу барысын бас прокурор мен ішкі істер министрі жеке бақылауға алғаны айтылған.

XS
SM
MD
LG