Accessibility links

Непалда зілзала құрбандарының саны көбейіп барады


Жер сілкінісінен соң. Катманду, Непал, 25 сәуір 2015 жыл.

Жер сілкінісінен соң. Катманду, Непал, 25 сәуір 2015 жыл.

Непалда бүгін болған 7,9 магнитудалы жер сілкінісі салдарынан құрбан болғандар саны 876 адамға жеткен. Бұл туралы Непал ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап Reuters агенттігі хабарлады.

Жер сілкінісінің эпицентрі ел астанасы Катмандудан солтүстік-батысқа қарай шамамен 80 шақырым қашықтықта 15 километр тереңдікте орналасқан деп хабарлады АҚШ Геологиялық қызметі.

Зілзаладан жүздеген үйлер қираған. 19-ғасырда тұрғызылған 62 метрлік Дхарара мұнарасы да құлап түскен. Жер тербелісінен Эвересте көшкін жүрген.

Табиғи апатқа байланысты Непал астанасында әуежай жабылған. Жер сілкінісі болған аймақта көлік және телефон байланысы бұзылған, электр желілері үзілген.

Непалдағы жер сілкінісінің дүмпулері Пәкістан мен Үндістанда да сезілген.

XS
SM
MD
LG