Accessibility links

Алматы: Әлеуметтік қызметкер сайлау кабинасына кіріп жүр


Қарт кісілермен бірге сайлау кабинасына кіріп-шығып жүрген әлеуметтік қызметкерлер. Алматы, 26 сәуір 2015 жыл.

Қарт кісілермен бірге сайлау кабинасына кіріп-шығып жүрген әлеуметтік қызметкерлер. Алматы, 26 сәуір 2015 жыл.

Алматыдағы ардагерлер үйінде орналасқан №212 сайлау бөлімшесінде Азаттық тілшісі әлеуметтік қызметкердің қарттармен бірге дауыс беру кабинасына кіріп, шығып жүргеніне және кабина жанында дауыс беруші қартаң кісіге президенттікке кандидат Нұрсұлтан Назарбаевтың атын атағанына куә болды.

Азаттық тілшісі сайлау бөлімшесінің төрағасы Бірлік Оразалыұлынан бұған қатысты түсінік беруін сұраған. Сайлау бөлімшесінің төрағасы "Әлеуметтік қызметкер көздері көрмейтін, құлағы естімейтін адамдарға көмек көрсетеді. Қарт кісілердің құлақтары естімейтіндіктен әлеуметтік қызметкердің оларға айтуына тура келеді" деді."

Ал әлеуметітк қызметкердің айтуынша, қарт кісі "өз президентіне дауыс беретінін" айтқан және қолын өзі қояды.

Қазақстанда бүгін Астана уақыты бойынша сағат 7:00-ден бастап азаматтар кезектен тыс президент сайлауына дауыс беріп жатыр.

Сайлау бюллетенінде үш кандидаттың аты-жөні жазылған. Олар - қазіргі президент, басқарушы "Нұр Отан" партиясы ұсынған Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан коммунистік партиясы ұсынған Тұрғын Сыздықов, өзін-өзі ұсынған Қазақстан кәсіподақтары федерациясының төрағасы Әбілғазы Құсайынов.

XS
SM
MD
LG