Accessibility links

Астанада Мәсімов пен Тоқаев дауыс берді


Қазақстан премьер-министрі Кәрім Мәсімов.

Қазақстан премьер-министрі Кәрім Мәсімов.

Қазақстан премьер-министрі Кәрім Мәсімов пен парламент сенаты төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада кезектен тыс президент сайлауына дауыс берді деп хабарлайды "Қазақстан жаңалықтары" агенттігі.

Кәрім Мәсімов жұбайымен Максим Горький атындағы орыс драма театрында орналасқан №99 сайлау бөлімшесінде дауыс берген. Мәсімов дауыс беруіне қатысты баспасөзге ешқандай түсінік бермеген.

Қасым-Жомарт Тоқаев даусын №100 сайлау учаскесінде берген. Дауыс беруден соң ол журналистерге даусын "Қазақстанның гүлденуі мен ілгері басуы үшін" бергенін айтқан.

"Алда ауқымды тапсырмалар, ең алдымен "Нұрлы жол" бағдарламасы мен бес негізгі халықтық институционалдық реформалар тұр. Егер бұл реформалар орындалар болса, Қазақстан еш күмәнсіз ары қарай дами бермек" деген Тоқаев.

XS
SM
MD
LG