Accessibility links

ОСК: Сайлауда заң бұзушылық байқалмады


№208 сайлау бөлімшеcінде дауыс беріп тұрған сайлаушы. Алматы, 26 сәуір 2015 жыл.

№208 сайлау бөлімшеcінде дауыс беріп тұрған сайлаушы. Алматы, 26 сәуір 2015 жыл.

Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Бақыт Мелдешов бүгін Астанада брифингте кезектен тыс президент сайлауына дауыс беруде заң бұзушылықтар болмағанын, дауыс берудің "транспарентті, шынайы және ашық" түрде өтіп жатқанын мәлімдеді. Оның сөзінше, сайлауды бақылаушыларға сайлау процесін "кедергісіз бақылау үшін барлық қажетті жағдай жасалған".

Қазақстанда сайлау бөлімшелері Астана уақыты бойынша сағат 7-де ашылған. Бөлімшелер сағат 20-да жабылады. Қазақстанның батысындағы Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарында бір сағат айырмасына байланысты дауыс беру сағат 21-ге дейін созылады.

Қазақстанда 1991 жылдан бері осымен бесінші рет президент сайлауы өтіп жатыр. Сайлау бюллетенінде үш кандидаттың аты-жөні жазылған. Кандидаттар арасында қазіргі президент, басқарушы "Нұр Отан" партиясы ұсынған Нұрсұлтан Назарбаевтан өзге Қазақстан коммунистік партиясы ұсынған Тұрғын Сыздықов, өзін-өзі ұсынған Қазақстан кәсіподақтары федерациясының төрағасы Әбілғазы Құсайынов бар.

Сайлауға мыңнан астам халықаралық және шетелдік өкілдер бақылау жасап жатыр.

XS
SM
MD
LG