Accessibility links

Назарбаев сайлауда дауыс берді


Қазақстан президенті, кезектен тыс президент сайлауына кандидат Нұрсұлтан Назарбаев. Астана, 23 сәуір 2015 жыл.
Қазақстан президенті, кезектен тыс президент сайлауына кандидат Нұрсұлтан Назарбаев. Астана, 23 сәуір 2015 жыл.

Қазақстан президенттігіне кандидат, президент Нұрсұлтан Назарбаев Астанада оқушылар сарайында орналасқан №81 сайлау бөлімшесінде дауыс берді деп хабарлады ҚазАқпарат. Назарбаевты президенттікке басқарушы "Нұр Отан" партиясы ұсынған.

Бұған дейін президенттікке өзге екі кандидат - Қазақстан халықтық коммунистік партиясы ұсынған Тұрғын Сыздықов пен өзін-өі ұсынған Қазақстан кәсіподақтар федерациясының төрағасы Әбілғазы Құсайынов та Астанада дауыс берген.

74 жастағы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанды ол Қазақстан Компартиясы орталық комитетінің бірінші хатшысы болған 1989 жылдан бері басқарып келеді.

Қазақстан тәуелсіздік жариялаған 1991 жылдан бері президент сайлауы осымен төртінші рет өтіп отыр. Оның ішінде президент сайлауы үшінші рет кезектен тыс түрде өтуде.

XS
SM
MD
LG