Accessibility links

ҚазҰУ ректоры: 6 мың студент 3 сағатта дауыс берді


Кезектен тыс президент сайлауына алғашқы болып дауыс беріп жатқан адам. 322-сайлау учаскесі, Алматы, 26 сәуір 2015 жыл.

Кезектен тыс президент сайлауына алғашқы болып дауыс беріп жатқан адам. 322-сайлау учаскесі, Алматы, 26 сәуір 2015 жыл.

Алматыда Қазақ ұлттық университетінің (ҚазҰУ) студенттік қалашығындағы 13 жатақханаға тіркелген алты мыңға тарта студент сағат 7-ден 10-ға дейін №258 және №259 сайлау бөлімшелерінде дауыс беріп үлгерді. Бұл туралы Азаттыққа университет ректоры Ғалымқайыр Мұтанов хабарлады.

Мұтанов "ҚазҰУ территориясында орналасқан сайлау бөлімшелерінде сайлаушылардың ерекше ауызбірлік мен ынтымақ көрсеткенін" айтқан. Ректор студенттерге олардың барлығы дауыс беріп болған соң дауыс беретінін айтқан. ҚазҰУ-да барлығы 18 мыңнан астам студент оқиды.

Бүгін Қазақстанда сайлаушылар жергілікті сағат 7:00-де кезектен тыс президент сайлауына дауыс беру басталды. Сайлау бюллетенінде үш кандидаттың аты-жөні жазылған. Кандидаттар арасында қазіргі президент, басқарушы "Нұр Отан" партиясы ұсынған Нұрсұлтан Назарбаевтан өзге Қазақстан коммунистік партиясы ұсынған Тұрғын Сыздықов, өзін-өзі ұсынған Қазақстан кәсіподақтары федерациясының төрағасы Әбілғазы Құсайынов бар.

XS
SM
MD
LG