Accessibility links

ОСК: 3 сағатта сайлаушылардың 19,7 пайызы дауыс берді


№208 сайлау бөлімінде дауыс беріп тұрған сайлаушы. Алматы, 26 сәуір 2015 жыл.
№208 сайлау бөлімінде дауыс беріп тұрған сайлаушы. Алматы, 26 сәуір 2015 жыл.

Кезектен тыс президент сайлауының алғашқы үш сағатында республика бойынша дауыс беру құқығы бар сайлаушылардың 19,7 пайызы дауыс берді деп хабарлады Орталық сайлау комиссиясының (ОСК) мүшесі Ләззат Сүлеймен.

Оның сөзінше, сайлаушылардың Алматы облысында 26,10 пайызы, Ақмола облысында 24,48 пайызы, Ақтөбе облысында 16,8 пайызы, Атырау облысында 11,13 пайызы, Шығыс Қазақстан облысында 27,31 пайызы, Жамбыл облысында 21,69 пайызы, Батыс Қазақстан болысында 12,11 пайызы, Қарағанды облысында 21,6 пайызы, Қостанай облысында 27,61 пайызы, Қызылорда облысында 22,3 пайызы, Солтүстік Қазақстан облысында 26,45 пайызы, Оңтүстік Қазақстан облысында 13,89 пайызы, Алматыда 8,33 пайызы, Астанада 12,92 пайызы дауыс берген.

Қазақстан бойынша 9 мың 676, шетелдердегі дипломатиялық өкілдіктері жанында 65 сайлау бөлімшесі ашылған.

Дауыс беру Астана уақыты бойынша сағат 20-да аяқталады.

XS
SM
MD
LG