Accessibility links

Непалда зілзала құрбандары саны 1900-ден асты


Непал астанасы Катмандудағы жер сілкінісінен кейінгі көрініс. 25 сәуір 2015 жыл.

Непал астанасы Катмандудағы жер сілкінісінен кейінгі көрініс. 25 сәуір 2015 жыл.

Непал билігінің хабарлауынша, 25 сәуірдегі жер сілкінісінен қаза болған адам саны 1900-ден асты. Зілзаладан 4700-ден астам адам жараланған.

Гималай тауындағы қар көшкіні басып қалған лагерьден 17 адамның денесі табылған. Ондаған мың адам жер сілкінісінен қираған үйлеріне қайтып барудан қорқып, көшеде түнеуге мәжбүр.

​25 сәуірде Непал астанасы Катманду қаласы маңында магнитудасы 7,9 балл жер сілкінісі болған.

Жер сілкінісінің күштілігі сонша, зілзала дүмпуі Үндістанның солтүстік штаттарында, Бангладеште, Тибет пен Пәкістанда да сезілген. Бұл аймақтарда зілзаладан жалпы саны 60-қа тарта адам қаза тапқан.

Қазақстан сыртқы істер министрлігінің алдын-ала мәліметі бойынша, Непалдағы зілзала құрбандары арасында Қазақстан азаматтары жоқ.

XS
SM
MD
LG