Accessibility links

ОСК: Түске дейін сайлаушылардың 41 пайызы дауыс берді


Жамбыл ауылындағы №395 сайлау учаскесі. Алматы облысы Қарасай ауданы, 26 сәуір 2015 жыл.

Жамбыл ауылындағы №395 сайлау учаскесі. Алматы облысы Қарасай ауданы, 26 сәуір 2015 жыл.

Кезектен тыс президент сайлауында Астана уақыты бойынша сағат 12-ге дейін сайлаушылардың 41,69 пайызы дауыс берді деп хабарлады орталық сайлау комиссиясының (ОСК) мүшесі Татьяна Охлопкова.

ОСК мәліметінше, сайлаушылардың Алматы облысында - 60,68 пайызы, Ақмола облысында - 51,01 пайызы, Ақтөбе облысында - 36,11 пайызы, Атырау облысында - 47,54 пайызы, Шығыс Қазақстан облысында - 48,24 пайызы, Жамбыл облысында - 49,91 пайызы, Батыс Қазақстан болысында - 40,66 пайызы, Қарағанды облысында - 43,35 пайызы, Қостанай облысында - 56,57 пайызы, Қызылорда облысында - 45,56 пайызы, Маңғыстау облысында - 34,12 пайызы, Солтүстік Қазақстан облысында - 50,11 пайызы, Оңтүстік Қазақстан облысында - 32,62 пайызы, Алматыда - 17,25 пайызы, Астанада 25,46 пайызы дауыс берген.

Қазақстан бойынша 9 мың 676, шетелдердегі дипломатиялық өкілдіктері жанында 65 сайлау бөлімшесі ашылған.

Дауыс беру Астана уақыты бойынша сағат 20-да аяқталады.

XS
SM
MD
LG