Accessibility links

Бішкекте Чернобыль апаты құрбандарын еске алды


Бішкектегі Чернобыль апаты құрбандарына арналған ескерткішке гүл қойып тұрған қыз. Бішкек,
Бішкектегі Чернобыль апаты құрбандарына арналған ескерткішке гүл қойып тұрған қыз. Бішкек,

Бішкекте бүгін Чернобыль атом электр станциясындағы (АЭС) апат салдарын жоюда қаза тапқандарды еске алуға арналған митинг өтті.

Азаттықтың Қырғыз қызметінің хабарлауынша, митингке АЭС апатын жоюға қатысқандар, Қырғызстан вице-премьері Дамира Ниязалиева, Бішкек қалалық кеңесінің төрағасы Марат Асқаров, Украина мен Беларусь дипломатиялық өкілдіктерінің өкілдері, қала мектептерінің оқушылары мен тұрғындар қатысқан. Қырғыз қызметінің ақпаратына қарағанда, Бішкекте Чернобыль апатын жоюға қатысқан 317 адам тұрады.

АЭС-тегі апат 1986 жылдың 26 сәуірінде болған. Станцияның төртінші энергетикалық блогы істен шығып, қоршаған ортаға көп көлемде радиоактивті заттар төгілген. Апат атом энергетикасы саласындағы құрбандар мен зардап шеккендер саны, экономикалық зарары жағынан ең ірі апаттар қатарында саналады.

XS
SM
MD
LG