Accessibility links

Шымкенттегі №1030 сайлау учаскесінде жарық болмады


Шымкенттегі "Достық" шағын ауданында орналасқан 1030-сайлау бөлімшесіндегі дауыс беру. Шымкент, 26 сәуір 2015 жыл.
Шымкенттегі "Достық" шағын ауданында орналасқан 1030-сайлау бөлімшесіндегі дауыс беру. Шымкент, 26 сәуір 2015 жыл.

Шымкенттің "Достық" шағын ауданында орналасқан №69 орта мектепте орналасқан 1030-сайлау бөлімшесінде бүгін дауыс беру басталған сағат 7-ден бастап жарық жоқ, сайлаушылар шамның көмегімен дауыс беріп жатыр.

Сайлау бөлімшесіндегі дауыс беру барысынан хабар таратуға барған Азаттық тілшісі бөлімшенің шатырынан су тамшылап тұрғанын, бір кабинаға екі адам кірген сәттерді байқады. Өзін сайлау бөлімшесі төрағасының хатшысы деп таныстырған Венера Есімханова Азаттық тілшісіне жарықтың таңғы сағат 7-лер шамасында "нөсер жауыннан" өшкенін, бірақ жарықтың жоқтығы дауыс беру барысына "еш кедергі келтірмегенін" айтады.

Ал зін мектеп вахтершісі деп қана таныстырған келіншек шатырдан кабинкаға тамған суларды сүртіп жүрді.

Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауына дауыс беру Астана уақытымен сағат 20-да аяқталады.

XS
SM
MD
LG