Accessibility links

ОСК: 16:00-ге дейін 82 пайыз сайлаушы дауыс берді


Қармақшы ауданына қарасты Ақай ауылы №-116 сайлау учаскесіндегі дауыс беру. Қызылорда облысы, 26 сәуір 2015 жыл.
Қармақшы ауданына қарасты Ақай ауылы №-116 сайлау учаскесіндегі дауыс беру. Қызылорда облысы, 26 сәуір 2015 жыл.

Қазақстанда Астана уақыты бойынша сағат 16-ға дейін президент сайлауына сайлаушылардың 82,11 пайызы дауыс берді деп хабарлады Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Татьяна Охлопкова.

"Сағат 16-ға дейін сайлаушылар тізіміне енгізілген сайлаушылардың 82,11 пайызы дауыс беру бюллетенін алған" деді ОСК мүшесі.

ОСК мәліметінше, сайлаушылардың Алматы облысында - 84,95 пайызы, Ақмола облысында - 85,72 пайызы, Ақтөбе облысында - 78,58 пайызы, Атырау облысында - 87,25 пайызы, Шығыс Қазақстан облысында - 89,45 пайызы, Жамбыл облысында - 86,04 пайызы, Батыс Қазақстан облысында - 79,01 пайызы, Қарағанды облысында - 84,73 пайызы, Қостанай облысында - 86,75 пайызы, Қызылорда облысында - 87,45 пайызы, Маңғыстау облысында - 76,15 пайызы, Павлодар облысында 82,75 пайызы, Солтүстік Қазақстан облысында - 86,93 пайызы, Оңтүстік Қазақстан облысында - 87,30 пайызы, Алматыда - 62,54 пайызы, Астанада 70,16 пайызы дауыс берген.

Қазақстан бойынша 9 мың 676, шетелдердегі дипломатиялық өкілдіктері жанында 65 сайлау бөлімшесі ашылған.

Дауыс беру Астана уақыты бойынша сағат 20-да аяқталады.

XS
SM
MD
LG