Accessibility links

ОСК: 18.00-ге дейін сайлаушылардың 90 пайызға жуығы бюллетень алды


Наурызбай ауданындағы №515 сайлау учаскесі. Алматы, 26 сәуір 2015 жыл. (Көрнекі сурет)
Наурызбай ауданындағы №515 сайлау учаскесі. Алматы, 26 сәуір 2015 жыл. (Көрнекі сурет)

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының сайлау комиссияларының ұсынған мәліметтеріне сәйкес, 2015 жылғы 26 сәуірдегі сағат 18.00-дегі жағдай бойынша тізімге енгізілген сайлаушылардың 89,69 пайызы сайлау бюллетеньдерін алды деп хабарлады орталық сайлау комиссиясы (ОСК) сайты.

ОСК дерегінше, Ақмола облысы бойынша – 94,81 %, Ақтөбе облысы бойынша – 85,05 %, Алматы облысы бойынша – 91,17 %, Атырау облысы бойынша – 92,96 %, Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 93,55 %, Жамбыл облысы бойынша – 92,97 %, Батыс Қазақстан облысы бойынша – 90,16 %, Қарағанды облысы бойынша – 91,12 %, Қызылорда облысы бойынша – 93,68 %, Қостанай облысы бойынша – 91,27 %, Маңғыстау облысы бойынша – 88,45 %, Павлодар облысы бойынша – 90,23 %, Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 93,86 %, Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша – 93,55 %, Астана қаласы бойынша – 88,29 %, Алматы қаласы бойынша – 73,17 % сайлаушысайлау бюллетенін алған.

Қазақстан бойынша 9 мың 676, шетелдердегі дипломатиялық өкілдіктері жанында 65 сайлау бөлімшесі ашылған.

Дауыс беру Астана уақыты бойынша сағат 20-да аяқталады.

XS
SM
MD
LG